KMG Burgylau
356 subscribers
2.84K photos
349 videos
92 files
565 links
Download Telegram
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Фотографии Спартакиады.
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Қазан айының 3-жұлдызында Жаңаөзен қаласында қос мерейтойға арналған үлкен іс-шара ұйымдастырылды. Жаңаөзен қаласының 55 жылдығы және "Алға" мүгедектер спорт клубының құрылғанына 30 жыл толуына орай волейбол жарысы өткізілді. Аталған іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев және Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов мырзалар қатысып, құттықтау лебіздерін білдірді.
Бұл жарыстың басты ерекшелігі - Холдинг пен еншілес компаниялар басшылары мүмкіндігі шектеулі жандармен бірлесіп ойнады. Дәлірек айтқанда, "КазПетроДриллинг" АҚ вице-президенті Ербол Айтуов, "ТрубРемЦентр"ЖШС Бас директоры Жандос Ғазиз және "КазПетроДриллинг" АҚ қаржы менеджері Темірлан Станбаев секілді азаматтар қол арбаға таңылған спортшылармен бірге өнер көрсетті.
Мүгедек спортшыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған спорттық шара көпшіліктің көңілінен шықты.
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Маңғыстау облысы бойынша "KazPetroDrilling” АҚ вице-президенті қызметі лауазымына Ербол Әбдіәшімұлы Айтуов тағайындалды.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Қайырбек Сағынбайұлы өзіне жүктелген қызметті абыроймен атқарып, зейнеткерлік демалысына шықты.
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
KAZMUNAIGAS BURGYLAU су тасқынына қарсы 2 шақырымдық бөгет салып жатыр 


«KazMunaiGas Burgylau» компаниясы қазір еліміздің бірнеше аймағында болып жатқан су тасқыны бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға ат салысып жатыр. Осы ретте біздің жұмысшылар жағалауды нығайту жұмыстарына үлесін қосуда. Қазір компания қызметкерлері Орал өзенінің жағасында Жаңаталап ауылының аумағында жұмыстарды атқаруға кірісті.

Өткен сенбіде біздің жұмысшылар өздеріне тиісті аумақта 1 шақырым ұзындықтан суға қарсы бөгет қою жұмыстарын бастап, оны аяқтап үлгерді. Сонымен қатар, компания ұжымы тағы да ұзындығы 2 шақырым болатын бөгет салуды қолға алып отыр.
Forwarded from KPD, MHI & KBI
24 сәуірде Алматы қаласында  Satbayev University ішінен KazPetroDrilling және Baker Hughes компанияларының демеушілігімен жабдықталған бұрғылау ерітінділері зертханасы ашылды.

Аталған іс-шара аясында Мұнай және геология факультетінің студенттерімен тәжірибелік сабақтар өткізілді. Онда "ҚМГ-Бұрғылау" ЖШС және "Бұрғылау"ЖШС мамандарымен бірлесіп зертханалық сынақтар жасалды. Сондай-ақ, "KazPetroDrilling"АҚ нысандарында теориялық және практикалық білімді қолдану саласындағы өзара ынтымақтастықты жалғастыру мәселелері бойынша Satbayev University оқытушылар құрамымен пікір алмасу өтті.

Бұл ретте болашақта көптеген таланттар өздері таңдаған салада сұранысқа ие білікті маманға айналады деп үміт зор.

Аталған іс-шараның барлық қатысушыларына алғыс айтамыз!
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Forwarded from KPD, MHI & KBI
«KazPetroDrilling» АҚ тереңдігі 5 мың метрден асатын ұңғымаларды орнатуға кірісті

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ аса терең ұңғымаларды орнату бойынша ірі жобаларды қолға алды. Бұл ретте елімізде тереңдегіні 5 мың метрден асатын ұңғымаларды салу жұмыстары басталды.

Осы орайда «KazPetroDrilling» АҚ маңызды жобаға жұмылдырылып, Қызылорда облысында ұңғымаларды салып жатыр. «KazPetroDrilling» АҚ-ға қарасты  "ҚМГ-Бұрғылау" ЖШС еліміздегі аса терең ұңғымаларды орнату бойынша жалғыз компания саналады.

"ҚМГ-Бұрғылау" ЖШС мамыр айының 27-сі күні Қызылорда облысындағы Торғай палеозой құрылымында тереңдігі 5.500 метр болатын PZ-1 іздеу-барлау ұңғымасын салуға кірісіп кетті.

Қызылорда өңірінде соңғы 15 жылда мұнай өндіру 3 есеге (12 млн тоннадан 4 млн тоннаға дейін) төмендеді және төмендеу жағдайы жалғасып келеді. Осыған байланысты "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ осы өңірде мұнай өндіруді ұлғайту мақсатында іздестіру-барлау бұрғылау жұмыстарына кірісіп отыр.

Терең ұңғымаларды салуда озық тәжірибе мен жаңа технологияларды қолдану жағын ескере отырып, "ҚМГ-Бұрғылау" ЖШС арнайы жұмыс тобына жобаны іске асыруда сәттілік пен табыс тілейміз. Сонымен қатар, өңірде мұнайдың ірі кен орындарын тауып, жобаның нәтижелі аяқталуына мүдделіміз.
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бар жақсылық - балалар үшін

1 маусым - балаларды қорғау күніне орай «KazPetroDrilling» АҚ-ның Атырау облысындағы еншілес компаниялары «Жігермұнайсервис» ЖШС, «ҚМГ-Бұрғылау» ЖШС, Қазтехмұнайсервис» ЖШС-де еңбек ететін жұмысшылардың балалары үшін мерекелік демалыс ұйымдастырылды.

Бұл ретте Атырау қаласындағы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында мерекелік қойылым ұсынылып, «Ән сал» бағдарламасы балалар үшін ерекше көңіл күй сыйлады.

Аталған шара кезінде анимациялық кейіпкерлер кішкентай көрермендер шадыман күйге бөленіп, мерекенің естен кетпес сәтін сезіне алды. Өз кезегінде ата-аналар балаларға ғажайып күн сыйлаған театр әртістеріне, шараны ұйымдастырған компания өкілдеріне ыстық ықыластарын білдірді.